• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Жол ережесін өрескел бұзған қос жүргізуші жауапқа тартылды

Автор:admin

Июн 3, 2024
Spread the love

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында мемлекеттік нөмір белгісінсіз, көлікке қызылды-көк жарықшамдар орналастырып жол ережесін сақтамай, көше бойында өзге көліктерге кедергі келтіріп, авариялық жағдай туғызған 2 бірдей көліктің бейнежазбасы анықталды.
Тексеру барысында құқық бұзушылық Ордабасы ауданы Темірлан елді-мекенінің орталық көшелерінің бірінде болғаны анықталды. Lada-21705 көлігінің жүргізушісі мен Lada-2114 автокөлігінің иелері 21-22 жастағы жергілікті тұрғындары болып шықты.
Оларға қатысты жол ережесін өрескел бұзған бойынша әкімшілік іс қозғалып, жауапқа тартылып, автокөлік айыптұраққа жеткізілді.
Жүргізушілер кінәсін толық мойындап, жасаған әрекеттері үшін өкініп, алдағы уақытта мұндай бассыздықтарға жол бермейтінін жеткізді.
Айта кететін, 6 мамырдан бастап Қазақстан Республикасының жол жүру ережесіне жаңа 62-1 тармақ күшіне енді, онда «екі жолақты жолдар 1.1 жол белгілерімен бөлінген (біртұтас – ред. ескертпесі) және (немесе) 3.20 белгiсi бар (басып озуға тыйым салынады), ережеде көзделген жағдайларды қоспағанда, қарсы қозғалысқа арналған жол жиегімен жүруге тыйым салынады». Сонымен қатар ережелер бойынша енді бағдаршамның жаңа сигналы – жасыл түсті «+»белгісін көрсетеді, бұл «қарсы бағытта келе жатқан көліктерге тыйым салатын қызыл тұсті белгі қосылады (бұрын жол қозғалысы ережелерінде қызыл плюс белгісі көрсетілген)». «Жол қозғалысы ережелеріне өзгертулер жобасы бойынша, сары бағдаршаммен жүруге толық тыйым салынбай, «егер бағдаршамның жұмыс режимі жасыл белгі өшіп-жанбаса» бұл жағдайда рұқсат беру туралы шешім қабылданады», — делінген жаңа тармақта.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика