• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Полицейлер жоғалған 10 айлық сәбиді бір сағатта ата-анасымен қауыштырды

Автор:admin

Июн 3, 2024
Spread the love

Таңғы сағат 9:00 шамасында Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарлама түсірді. Онда ер адам, көше бойында жасқа толмаған сәбидің бір өзі еңбектеп жүргені туралы хабарлады.
Оқиға орнына бірден жеткен полицейлер бірінші кезекте кішкентай баланың жағдайын біліп, одан әрі сәбидің туыстарын іздеуге кірісті.
Тәртіп сақшылары жоғалған кішкентай қыздың ата-анасын анықтау мақсатында, қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Аудан көшелерін тексеріп, көрген-білгендерден сұрастырды. Нәтижесінде полицейлер бір сағат ішінде кішкентай бөбектің тұрғылықты мекенжайы мен анасын анықтады.
Белгілі болғандай, анасы үй шаруасымен жүргенде, 10 айлық бүлдіршін ашық тұрған есіктен еңбектеп шығып, үйінен ұзап кеткен.
Өз кезегінде анасы полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын білдірді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика