• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Қазақстанның гендерлік ұстанымы айрықша!

Автор:admin

Окт 1, 2022
Spread the love

Біздің ойымызша, бұл стратегияның Қазақстанда гендерлік теңдікке қол жеткізу жолындағы маңызы зор, себебі ол белгілі бір бағдарлар мен үлгілерді ұсынады. Бірақ өкінішке қарай онда көзделген мақсаттарға жетудің жолдарын нұсқайтын айқын көрсеткіштер, құрылымдар мен міндеттерді орындау уақыттары көрсетілмеген. Оның сыртында бүгінгі таңда қазақстандық қоғамда қазіргі Қазақстанда гендерлік қатынастар трансформациясының берік беталысы ретінде құбылысының қайта жандануы байқалады. Ал ол стратегияға қол жеткізуге шектеу қояды. Өкінішке қарай көбінесе әйелдерге қатысты болып келетін эмансипация олар үшін ықтимал рөлдер мен өмір салттарының аясын кеңейтсе де, Қазақстан мемлекетінің қазіргі гендерлік саясаты ерлерге көп көңіл бөлінбейтін жағдайға алып келуде. Әлі күнге дейін «асыраушы ер азаматтың» рөлі нормативтік үлгі болып табылады және де ол үлгі әкелер мен ерлердің үй шаруасын атқаруға, балаларды бағып-қағу мен оларды тәрбиелеуге тең дәрежеде ат салысуын талап етпейді. «Жауапты әке міндетін» жүзеге асыру жолында институционалдық қолдаулардың жоқтығы баланың дүниеге келуі отбасындағы гендерлік рөлдердің дәстүршілдігінің себебіне айналуына әкеліп соғуда. Сонымен қатар кәсіби, отбасылық және ата-аналық міндеттерді ұштастыра білуге қолайлы шарттарды қамтамасыз етуге бағытталған әртүрлі деңгейдегі тиімді механизмдер мен сараланған бағдарламалардың (тату отбасын жұмыс орнымен қамтамасыз ету, балаларға қамқорлықтың қол жетімді және сапалы инфрақұрылымын жасау) жоқтығы тек әйелдерді ғана отбасы мен жұмыс арасындағы теңгерімді іздестіретін субъектіге айналдырып отыр. Ал бұл жағдай біріншіден ананың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан алғандағы қауіп-қатерін жоғарылатса, екіншіден отбасын қамтамасыз ету ісі мен балаларға деген күнделікті қамқорлыққа ата-ананың тең деңгейде қатыспауының орныға беруіне әкеліп соғады. Осыған байланысты бұл мақалада қазақстандықтардың гендерлік саясатты жүзеге асырудың басты бағыттарына деген көзқарастарын анықтауды мақсат тұтты. Зерттеу барысында біз мынадай сұрақтарға жауап іздедік: Қазақстандықтар қазіргі Қазақстан қоғамындағы ерлер мен әйелдердің жағдайы жөнінде не ойлайды? Қазақстанда ерлер мен әйелдер үшін теңсіздіктің қандай белгілері бар? Республика азаматтары үшін қандай гендерлік мәселелер ерекше өзекті болып табылады? Өздерінің гендерлік құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыру үшін олар қандай шаралар қажет деп біледі?

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика