«Жүргізушілер жол ережесін бұзады. Ең қарапайым қауіпсіздік белдігін тақпай, көлік басқарады. Ал құқық бұзушылықты анықтап, айыппұл салсақ, ренжиді, теріс пікір айтады. Осы ретте барлық көлік тізгіндеушілерін жол қозғалысы ережесін мұқият сақтауға шақырамын».
Бұл пікірді жылдың барлық мезгілінде, тәулік бойы, облыс орталығында патрульдеу қызметін атқарып жүрген полиция сержанты Бақнұр Сарсенбекұлы білдірді.
Күнделікті түрлі жағдаймен бетпе-бет келетін полиция қызметкері, жол апатының алдын алып, оқиғадан зардап шегетіндер санын азайтуға үлес қосып келеді. Ал кейде өз өмірін қиюға асыққан тұрғынды құтқарып, ерлік ісін жасайды.
Күнделікті жұмысқа шыққанында, үйінде отбасы уайымдап отыратынын айтқан қызметкер, оған қарамастан Отанға берген антына адал болып, ештеңеден тайсалмай, шаршамай жұмыс жасайтынын сеніммен жеткізді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі