• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Марат Қожаев полицейлердің тұрмыстық қылмыстарды тергеу кезіндегі жаңашылдықты үйрену процессін тексерді

Автор:admin

Май 31, 2024
Spread the love

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев орталық аппарат департаменттері басшыларының, аумақтық ПД бастықтарының, сондай-ақ жаңа қылмыстық теріс қылықтарды тергеуге анықтау функциясы берілген қызметкерлердің дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі жеке құрамның қатысуымен жедел кеңес өткізді. Кеңес барысында министрдің бірінші орынбасары отбасылық-тұрмыстық қылмыстарды тергеу кезінде полицияның жаңа тәсілдерді оқыту процесін тексеріп, департамент бастықтарына қызметкерлерді “Электрондық қылмыстық іс” модулінде жұмыс істеу үшін техникалық жарақтандырумен қамтамасыз етуді, оларға қылмыстық теріс қылықтарды тергеу бойынша әдістемелік ұсынымдар беруді тапсырды. Бұл әдістеменің негізгі мақсаты – полиция қызметкерлерінің денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған құқық бұзушылықтарды ресімдеу кезіндегі кәсіби іс-қимылдарын қамтамасыз ету.
– Жанжалдарды жазу үшін қолда бар бейнежетондар мен басқа да бейнетіркеу құралдарын барынша пайдалану қажет. Сондай-ақ қылмыстық заңнамадағы жаңа нормаларды тергеуге анықтау функциясы берілген қызметкерлерді оқыту процесін аяқтап, өткізілетін сабақтардың сапасына ерекше назар аудару қажет, – деді Марат Қожаев.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика