• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ОТЫРАРДА ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ (-2-)

Автор:admin

Май 29, 2024
Spread the love

2. Компьютер мен жеке ақпаратты қорғау үшін брандмауэр мен вирусқа қарсы бағдарламалық құралды орнатыңыз және оларды үнемі жаңартып отырыңыз.
3. Компьютеріңіздегі ақпараттық жүйені және бағдарламалық құралды жиі жаңалап отырыңыз.
4. Wi-Fi желісін шифрлеу арқылы қорғаңыз.
5. Сілтемеге өтуді меңзейтін хабарламалардан сақ болыңыз. Күмәнді хабарламалардағы сілтемені баспаңыз.
6. Әлеуметтік желіңізге немесе электронды поштаңызға келген күдікті хабарламаны дереу толығымен өшіріп тастаңыз.
7. Егер сіз абайсызда күмәнді хабарламадағы сілтемені басып қойған болсаңыз, антивирустық бағдарламаны қосып, жүйені толық тексеріп шығыңыз.
8. Сізге келген хабарламаның заңдылығын тексеру үшін компаниямен тікелей байланысыңыз немесе олардың веб-мекен-жайын енгізу арқылы веб-бетіне кіріп тексеріңіз. Алайда хабарламада көрсетілген сілтеме арқылы веб-бетке өтпеңіз.
9. Жеке құпия сөздеріңізді қауіпсіз жерде сақтаңыз. Сіздің құпия сөздеріңіз 8 символдан, сандардан және әріптерден құралғаны дұрыс. Әрбір онлайн тіркемелеріңізге әртүрлі құпия сөз пайдаланыңыз. Және оларды қауіпсіз жерге жазып алыңыз.
10. Хабарласқан бөгде адамдарға жеке немесе қаржылық деректеріңізді ешқашан айтпаңыз.
11. Қорғалмаған, ашық Wi-Fi желісі арқылы өзіңіздің жеке шотыңызға кірмеңіз жіне сауда жасамаңыз.
12. Ұялы телефоныңыздағы банк қосымшаларына, жеке деректерге құпия сөз енгізіп қойыңыз.
13. Сатып алатын немесе жеке деректерді енгізетін сайттардың мекенжайларына назар аударыңыз. Сайт беті «http» деп емес, «https» арқылы басталуы тиіс.
Сонымен қатар Шәуілдір ауылы Жібек жолы даңғылы бойында үлкен көлемде және Көксарай ауылы «Көксарай-Маяқұм» үлкен тас жолы бойында, «Балтакөл-Түркістан» үлкен тас жолы бойына интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша баннерлермен плакаттар ілініп, халық көп шоғырланатын орындарда заң қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын толассыз атқарып жатқандығын айтып, өз баяндамасын аяқтады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика