Түркістан облысы Полиция департаменті Отырар аудандық полиция бөлімі мен аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен Ж.Жабаев атындағы мектеп-лицейінің мәжіліс залында білім беру ұйымының ұстаздарына «Интернет алаяқтықтың алдын алу » тақырыбында кездесу өткізілді.
Жиынға Отырар ауданы әкімінің орынбасары А.Құлмаханов, Отырар аудандық прокуратурасының прокуроры әділет кеңесшісі М. Абдукаримов және жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Ж.Төлеген, білім саласының мамандары қатысты.
Шара барысында полиция майоры Ж.Төлеген, Отырар ауданы аумағындағы 13 ауыл округтері бойынша қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып, атқарылғандығын айтып өтті. Десе де, интернет алаяқтық қылмысы өсіп отырғанын және оның алдын алу бүгінгі таңда өзекті мәселе екендігін жеткізіп, бірлесіп күресуге шақырды.
Интернеттегі алаяқтардың мақсаты – заңсыз жолмен басқалардың ақшасы мен мүлкін ұрлау. Алаяқтықтың бұл түрі Интернет қызметтерін немесе оған қосылған бағдарламаларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Интернет-алаяқтардың жымысқы әрекетінен әлемде қаншама адам қаржылық шығынға батып жатыр. Оған тосқауыл жоқ, десе де одан қорғанудың жолдары бар. Интернет-алаяқтық материалдық шығыннан бөлек моральдық шығынға да ұшыратады. Бұл алаяқтың кәсіби деңгейі мен тәжірибесіне байланысты.
Сіз кез келген уақытта қандай да бір жолмен онлайн-алаяқтықтың құрбанына айналып кетуіңіз мүмкін. Сол себепті, барынша абай болу керек және жеке деректердің қауіпсіздігін бақылап отырған жөн.
Осындай жағдайға тап болған кезде интернет-алаяқтықтың алдын алып, қорғану жолдары қандай?
1. Банктағы шоттарыңызды жиі тексеріп отырыңыз. Егер сіз күмәнді өзгерістерді байқап қалсаңыз, бұл туралы тиісті орындарға тез арада хабар беріңіз…