• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

«ЗОРЛЫҚ – ЗОМБЫЛЫҚ, БУЛЛИНГ, КИБЕРБУЛЛИНГ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Автор:admin

Май 28, 2024
Spread the love

Арыс аудандық полиция бөлімінің инспекторы А.Мырзахметова,Арыс сүйемелдеу секторының психологы К.Даниярқызы және Қ.Тоқбергеннің қатысуымен Арыс гуманитарлық техникалық колледжі мен 17 кәсіптік колледж студенттеріне «Зорлық-Зомбылық. Буллинг. Кибербуллинг» тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аталған шараның басты мақсаты — студенттерге зорлық – зомбылықтың алдын алу туралы мағлұматтар беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін, балалардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу керектігін айтып жеткізу.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы екі бірдей заңға қол қойды. Бірқатар заңға әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдататын, сондай-ақ отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын нормалар енгізілген болатын.
Заңда неке және отбасы заңнамасының жаңа қағидаттары қарастырылған:
— дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қорғау, сақтау, нығайту және ілгерілеті;
— балаларды жалпыадамзаттық, ұлттық, дәстүрлі, мәдени, отбасылық құндылықтарға құрмет рухында адамгершілік және рухани тәрбиелеуді қамтамасыз ету;
Шарада мамандар толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, жастарды өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне ықпал жасауға шақырды.
Сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы зорлық – зомбылықты, буллинг, кибербуллинг сынды әрекеттердің жолын кесу, алдын алу шаралары ұсынып, слаиды мысалдар көрсетілді. Студенттер тақырып аясында ойларымен бөлісіп, көкейіндегі сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика