• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫН БОЛДЫРМАУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖҮЙЕЛІ ІС-ШАРАЛАР АТҚАРУДА (-2-)

Автор:admin

Май 27, 2024
Spread the love

Интернет алаяқтықтың бір түрі – фишинг. Бұл – интернет пайдаланушының жеке мәліметтерін (логин мен пароль) жасырын алу. Қаскүнемдер алдымен танымал брендтердің немесе банктердің атынан жаппай электронды хаттар таратады.
Негізі, айта кететін нәрсе, электрондық адресіңізге өзіңізге қатысты емес, сіз білмейтін мекенжайлардан келген хаттарды ашпаған жөн, ашқан күннің өзінде ол жерде көрсетілген сілтемелерге кірудің қажеті жоқ. Ондайларды мүмкіндігінше сол келген бойында жойып отыру керек және міндетті түрде вирусқа қарсы бағдарламаларды қолданған жөн.
Осылайша, облыс көлемінде адамдар көп шоғырланатын орындарда, сауда орталықтарында, базармен көшелерде аталған қылмыстың құрбаны болмас үшін қауіпсіздік шаралары халыққа жеткізілді.
Құрметті Түркістан облысының қонақтары мен тұрғындары Түркістан облысы полиция Департаменті ескертеді:
Сіздерден қазіргі заманның қылмыскерлері – алаяқтарға алданбау үшін, әрбір шалынған қоңырауларға мұқият болуларыңызды және күдік келтіретін хабарлама мен жарнамаларға сенбеуге кеңес беріп дереу «полиция»-ға хабарласуды сұранамыз.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика