• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Түркістан облысында нашақорлыққа қарсы күрес айлығы басталды (-1-)

Автор:admin

Май 27, 2024
Spread the love

Түркістан қаласында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, облыстық әкімдік және бейінді мекемелері ұйымдастырған, 26 маусым-Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай бір айлық іс-шараның ашылуы өтті.
Ашылуы салтанатына Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов пен облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысты. Сондай-ақ кездесуге оқушылар, студенттер және облыс орталығының жастары, жалпы барлығы 500-ге жуық адам қатысты.
Іс-шараның мақсаты-өскелең ұрпақтың есірткіге деген теріс көзқарасын қалыптастыру, жастарды нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы тұруға және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
Айта кетсек, 2024 жылдың 4 айында есірткінің заңсыз айналымының 289 фактісі анықталды. Оның ішінде есірткі сатудың 12 фактісі және есірткі контрабандасының 64 жағдайы тіркелген. Заңсыз айналымнан 116,6 кг есірткі заттары тәркіленді. Синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 60 ақпараттық сайт бұғатталған. Өңірде есірткілік заттарға тәуелді 292 науқас бақылауда тұр.
Нашақорлық – есірткіге немесе психотроптық затқа тәуелділіктен туындаған ауру. Есірткіні қолдану нәтижесінде психикалық және физикалық тәуелділік қалыптасады. Тәуелділіктің қалыптасу жылдамдығы және оның ауырлығы әр түрлі болуы мүмкін. Яғни жасына, қолдану жиілігіне, ағзаның ерекшеліктеріне әсер етеді. Психикалық тәуелділіктің жағдайы адамның есірткінің көмегімен ішкі тепе-теңдікке қол жеткізгісі келетіндігінде және есірткінің әсерін қайта-қайта сезінуге тырысатындығында көрінеді…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика