ҚР ІІМ-нің тапсырмасымен республика көлемінде «Абайлаңыз балалар!» іс-шарасы өтуде.
Жазғы демалыстың басталуы қарсаңында балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу, сондай-ақ балалардың көшелер мен жолдардағы қауіпсіз мінез-құлыққа байланысты дағдыларын бекіту мақсатында ағымдағы жылдың мамыр айының 20-30 күндері аралығында аудан көлемінде «Абайлаңыз — балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.
Бұл іс-шараның басты мақсаты – мектеп жасындағы жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алып, оқушыларға жол жүру ережелерін таныстырып қана қоймай, оларды жол жүру қауіпсіздігін сақтауға дағдыландыру, сондай-ақ балалардың жарақат алуы мәселелеріне жүргізушілердің, ата-аналар мен мұғалімдердің назарын аудару.
Осы бағытта облыс полицейлері акцияның онкүндігіне өз үлестерін қосуда. Білім беру ұйымдарына арнайы барып, жасөсіпірімдерге жол жүру ережелері тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Оның ішінде түлектерге автокөліктермен шеру жасап, көлік құралының терезелерінен, люктерінен денелерінен шығаруға болмайтындығы қатаң ескертілді. Мұндай қызық қуып, көліктермен кортеж жасаудың соңы жол ережесін бұзып, жауапкершілікке тартуға дейін әкеп соғады. Ең қиыны жол апаттарына себеп болуы мүмкін.
Сондықтан қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!