Түркістан облыстық сотының төрағасы А.Сұлтанов және Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы А.Апбас аудан тұрғындармен кездесу жоспарына сәйкес Кентау қаласы жергілікті тұрғындарымен кездесті. Кездесуден соң А.Сұлтанов жеке қабылдау жүргізіп, қалалық соттың жай-күйімен танысты.
Іс-шараға Кентау қаласының жергілікті тұрғындары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, адвокаттар, медиаторлар мен ақсақал билері қатысты.
Кездесу барысында облыстық соттың төрағасы мемлекеттік тілдің қолдануын, дауларды соттан тыс және соттардағы татуластыру рәсімдерін қолдануы арқылы шешуді кеңінен қолдану мәселелері талқыланды.
Тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алып, облыс төрағасына кездесуге алғыс білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.
Сонымен қатар А.Сұлтанов, жергілікті соттарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты, ғимараттарды аралау барысында А.Апбас биылға жоспарланған Кентау қалалық сотының ағымдағы жөндеу жұмыстар барысын баяндады.
Іссапар аяғында судьялар мен сот қызметкерлерімен жиын өткізіп. Жиын барысында сот төрелігін жүзеге асыруда заңды қатаң ұстануды, істерді созбаландыққа салмауды, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, еңбек және әдеп тәртіптерін қатаң ұстануды тапсырды.
Жиын барысында судьялар мен сот қызметкерлері пікір алмасып, өз ұсыныстарын жеткізді.
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі