25-мамыр мектеп оқушылары, әсіресе мектеп бітіруші түлектер үшін ерекше күн. Осыған орай, Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері құқық бұзушылық пен оқыс жағдайлардың алдын алу мақсатында автокөлікті жалға беру орындарын аралады.
Аралау барысында мекеме басшыларына кәмелетке толмаған жасөспірімдерге басқару құқығынсыз автокөлікті бермеу қажеттігілігі айтылды.
Арнайы кортеждерді ұйымдастыру кезінде көлік жүргізушілері жол ережелерін өрескел бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертеміз.
Құрметті ата-аналар!
Құқықбұзушылық пен оқыс жағдайларды болдырмас үшін балаларды қатаң қадағалауды сұраймыз!
Соынмен бірге, полиция қызметкерлері танымал блогер полиция қызметкерлерімен бірге профилактика жүргізді.
Оқу жылының аяқталуына орай Түркістан облысының полицейлері жасөспірімдердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында, тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет атқаруда.
Осы ретте желіде «Аю» лақап атымен танымал, барлығына позитив сыйлап жүретін блогер Азизхан полициямен бірге профилактикалық шараға қатысып, тұрғындарды заң талаптарын сақтауға және тәртіпке шақырды!
Құрметті ата-аналар мен мектеп бітіруші түлектер!!!
25 мамыр күні облысымыздың барлық мектептерінде оқу жылының аяқталуына арналған «Соңғы қоңырау» іс-шарасы өткізіледі. Полиция қоғамдық тәртіп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдайды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі