Республика аумағында өткізіліп жатқан “Абайлаңыз балалар!” акциясы аясында, Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері мектеп оқушыларымен кездесті. Жиын барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылыққа жол бермеу және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен сақтық шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жазғы демалыстың басталуы қарсаңында балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу, сондай-ақ балалардың көшелер мен жолдардағы қауіпсіз мінез-құлыққа байланысты дағдыларын бекіту мақсатында ағымдағы жылдың мамыр айының 20-30 күндері аралығында аудан көлемінде «Абайлаңыз — балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.
Бұл іс-шараның басты мақсаты – мектеп жасындағы жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алып, оқушыларға жол жүру ережелерін таныстырып қана қоймай, оларды жол жүру қауіпсіздігін сақтауға дағдыландыру, сондай-ақ балалардың жарақат алуы мәселелеріне жүргізушілердің, ата-аналар мен мұғалімдердің назарын аудару.
Бар байлығымыз – балалар, ал олардың алаңсыз білім алып, қауіпсіз өмір сүруіне әрқайсымыз жауаптымыз!
Сондықтан полицейлер әрбір ата-анаға балаларыңыздың қауіпсіздігін қатаң қадағалауды сұрайды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі