• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ (-1-)

Автор:admin

Май 24, 2024
Spread the love

Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы А. Утебаева мен Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығының аумақтық психолог маманы П.Мүтәлі, тұрмыстық зорлық — зомбылықтың алдын алу, жолын кесу, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту, арнайы сенім телефондардың бар екендігі жөнінде ақпараттық — насихаттау жұмыстарын жүргізді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық түрлері (жыныстық, психологиялық, физикалық, экономикалық) қарастырылады. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу принциптері. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке алдын алу шаралары. Қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілер. Ата-ана мен бала қарым-қатынасындағы жаңа құндылықтар. Ата-аналар мен балалардың құқықтық қатынастары. Олардың бірі-құқықтық қатынастар – бұл тараптар өзара құқықтық құқықтар мен мемлекет қорғайтын міндеттермен байланысты қоғамдық қатынастар. Студенттер белсенді қатысып, нақтылайтын сұрақтар қойды. Ата-аналар мен балалар арасында жақсы қарым-қатынас орнату өте маңызды!
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әйел құқығы мен балалар қауіпсіздігін қорғауға бағытталған заңға қол қойғанында айта кетпеске болмайды.
Заңға сәйкес, ұрып-соғуға және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге қылмыстық жаза қарастырылған. Заңдағы негізгі жаңалық ретінде тұрмыстағы зорлық-зомбылықты қылмыс қатарына жатқызу, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түріне жазаны қатаңдату және тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары аталады.
Заң бойынша, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірген адамға 200 АЕК (164 доллар) айыппұл я 200 сағат қоғамдық жұмысқа жегу не 50 күнге қамау жазасы тағайындалады.
Ал қол көтерген адамға заңға сәйкес, 80 АЕК (658 доллар) айыппұл не 80 сағат қоғамдық жұмыс я 25 күнге қамау жазасы қарастырылған. Қазіргі заң бойынша 15 АЕК (123 доллар) және 15 күнге қамау жазасы тағайындалады…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика