Республика аумағында автокөлік құралдарын ұрлау және айдап әкетудің алдын алу мен көлікті бөлшектеп сату бойынша жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында, «Автокөлік» жедел – профилактикалық шарасы өткізілуде. Осыған орай Түркістан облысы Полиция департаменті Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қарқынды жұмыс атқаруда. Яғни Арыс қаласы бойынша 2 бекет қойылып, 50 автокөлік тексерілді. 10 автокөлік жөндейтін және 3 автокөлікті бөлшектеп сататын орындар тексерілді.
Өз кезегінде Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері адам көп шоғырланатын орындар мен көпқабатты үйлердің тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік шараларын ескертті.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі