• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

КЕНТАУДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН ФОРУМ ӨТТІ (-1-)

Автор:admin

Май 23, 2024
Spread the love

Кентау қаласында балалардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу аса жауапты әрі күрделі міндет» тақырыбында ата-аналар форумы өтті.
Шараға Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері, қала әкімдігінің, білім бөлімінің өкілдері, ата-аналар мен ұстаздар қатысты.
Форумда ата-аналарға бейнеролик көрсету арқылы 25 мамыр-соңғы қоңырау іс-шарасын өткізудің алгоритмі түсіндірілді. Сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және жазғы демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Құқықбұзушылық — қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет.
Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру арқылы оларды дұрыс жолмен жүруді үйретеміз.
Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру өте маңызды.
Осы ретте кәмелетке толмаған балалар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында аудандағы білім саласымен біргелікте түрлі форматта іс шаралар кешені ұйымдастырылып келеді.
Осы тұста жоғары сынып оқушыларына құқықтық тәрбие беру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, алдын алу және оны болдырмау мақсатында нашақорлыққа, суицидке жол бермеу, қыздар арасындағы ерте жүктіліктің, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы, осы мақсатта құқық бұзушылықтың алдын алу және олармен күресу жолдары бойынша жиындар жиі өткізілуде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында елде құқықтық сауаттылықты арттыру қажеттігіне баса мән берген болатын. Әсіресе отбасында болатын зорлық-зомбылықты қылмыс ретінде қарау да күн тәртібіне қойған болатын…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика