• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Түркістан облысында полиция қызметкерлерімен 11 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Автор:admin

Май 22, 2024
Spread the love

Полицейлер Түркістан облысы аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде, «ізін суытпай» 180-нен астам қылмысты ашты. Есірткі құралдарын тасымалдау мен сақтаудың 18 фактісінің жолын кесті.
Тәртіп сақшыларымен атқарылған жұмыс барысында 11026 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 950 құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды.
Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта үйден тыс жерде болуының 929 фактісі анықталды. Тұрғылықты жері бойынша бұрын сотталған және профилактикалық есепте тұрған 12 967 адам тексерілді.
Полицейлер жол қауіпсіздігі бойынша мас күйінде көлік жүргізудің 53 фактісін анықтады. Қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін 30-дан астам жүргізуші жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ полицейлер құқық бұзушылықтардың, интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін сақтау жөнінде жадынамалар таратылды.
Естеріңізге сала кетейік, «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы криминогендік жағдайды жақсарту, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауы мақсатында өткізіледі.
Құқық тәртібі — құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар жүйесі. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, қирайды, оның келешегі болмайды. Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық саласында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі.
«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау мен алдын алуды күшейтуге, вандализм, мүліктің бүлінуі, ұсақ бұзақылық, сондай-ақ жол қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтар фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика