Өз мүлкін сақтаудың, соның ішінде, үйлерден, автокөліктерден ұрлау фактілерінен сақтанудың бірнеше ережесі:
— Пәтердің кілтін кіреберіс төсеніш астына, пошта жәшігіне, тағы да басқа қол жетімді орындарға жасырмау;
— Пәтерден шығар кезде терезені, есікті жабуды ұмытпау;
— Есік қағылғанда, әсіресе сіз шақырмаған мекеме қызметкері ретінде келіп тұрған адамға есік ашуға асықпау;
— Балаларға, қарт адамдарға бейтаныс адамға еш уақытта есік ашуға болмайтындығын түсіндіріп, сақтандыру;
— Алыс жаққа кетерде, көршілерге пәтеріңізді қарап жүруін өтіну және пошта қағаздарын алып отыруды тапсыру, себебі жиналып қалған пошта қағаздары сырт көзге, үйде ешкімнің жоқтығы жөніндегі бірден – бір белгі болып табылады;
— Есіктің кілті жоғалған жағдайда, бірден құлыпты айырбастау;
— Автокөлікті аулада қараусыз қалдырмау және түнгі уақытта жарықтандырылмаған орындарға қоймау.
Автокөлік ішінде ұялы телефон, бағалы заттар, құжаттарды тастауға болмайды. Себебі, қарақшылар үшін бұл ұрлық жасаудың бірден – бір мүмкіндігі.
Әркімнің қауіпсіздігі – өз қолында. Үнемі әркім өзіне, өз затына абай болуы керек. Қылмыскерлер кез – келген адамды өз жеміне айналдырады. Сондықтан да, сақтықта қорлық жоқ.