Жетісай ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында аудандық полиция бөлімінің басшысы Әділбек Сапарбеков қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында ағымдағы жылдың басынан бері атқарылған жедел-қызметтік жұмыстарының қорытындысы бойынша есеп берді.
Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен жиынға құзырлы мекеме басшылары мен аудан аудан әкімінің орынбасарлары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары қатысты.
Өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда аудан полицейлерінің қылмыспен күресті күшейту, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету нәтижесінде тіркелген құқық бұзушылықтардың саны 441-ден 356-ға төмендеген. Полиция басшысы өз баяндамасында алдағы уақытта да бұл жұмыстар жүйелі атқаралатындығын жеткізді.
Жиын соңында кездесуге қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тұрғындар пікірі ортаға салынды. Сала басшылары тарапынан нақты жауаптар берілді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі