— егер сізге банктің қауіпсіздік қызметінен қоңырау шалса, банк қызметкерлерінің ешқашан сіздің картаңыз туралы ақпарат сұрамайтынын, сондай-ақ, ұялы телефонға келетін кодтарды беруді қажет етпейтінін ұмытпаңыз. Сондай-ақ, алаяқтар мобильді қосымшаларды абоненттік нөмірді өзгерту үшін, банктің “Call орталығынан” қоңырау шалу үшін пайдаланады. Мұндай уақытта сізге телефон тұтқасын қойып, карточкада немесе банктің сайтында көрсетілген сенімді нөмірге қоңырау шалу керек.
Айта кету керек, алаяқтар ешқашан адам таңдамайды. Мейлі ол лауазымды қызметкер, мейлі қарт адам болсын. Қаскөйлердің басты мақсаты оңай жолмен ақша табу.
Айта кетсек, интернет алаяқтық қылмысының алдын алу мақсатында облыс полицейлері 1 айда 3 000 дана хабарландыру парақшаларын іліп, адам көп шоғырланатын орындарда 10 000 жадынама таратты.
Сондықтан ескертулерге, кеңестерге құлақ түріп, алаяқтардан абай болыңыз!