Полиция 1 айда алаяқтардан сақтандыру үшін 10 000 дана жадынама таратып, 3000 дана жапсырмалы ескерту парақтарын ілді
Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері өңірде интернет алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында, адамдар көп шоғырланатын орындарда жадынамалар таратуда. Атап айтқанда тәртіп сақшылары облыс орталығындағы «Қуаныш» базарында және автовокзалдарда болып, профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Жергілікті тұрғындарға алаяқтардан абай болу керектігін түсіндірді. Құжаттарына, есепшот пен қаражаттарына ұқыпты болуы қажеттігі талап етілді.
Сонымен қатар алаяқтардан сақ болудың қарапайым қауіпсіздік шараларын қолданып, дербес деректерді, пластикалық карталардың мәліметтерін, кодтарды және құпия сөздерді ешкімге хабарламауға, белгісіз әрі тексерілмеген сайттар арқылы алдын ала төлем жүргізбеуге, күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асырмауға, ұялы телефон мен компьютерге белгісіз қосымшаларды орнатпауға және спам хабарламаларға сенбеу туралы ескертті.
Алаяқтар ұялы телефоныңызға қашықтан қосылу үшін өз қызметтерін алдау арқылы ұсынып, ақырында есепшотыңыз бен депозитіңіздегі қаржыңызды сыпырып алады.
Сондықтан мұқият болып, алаяқтың арбауына түсіп қалмаңыз.
Интернет-алаяқтардан сақтану үшін келесі кеңестерге көңіл бөлгеніңіз абзал:
— ешкімге өзіңіздің банктік картаңыз, сондай-ақ жеке басыңыз туралы ақпаратты (жеке куәліктің суреті, банктік картаның суреті, картаның артқы жағындағы 3 таңбалы CVV кодты) бермеңіз.
— интернеттен сатып алынатын тауарларға алдын ала төлем ретінде ақша салмаңыз, тауарларды сатып алмас бұрын интернет-дүкеннің беделін мұқият тексеріңіз…