Азаматтардың мемлекетке деген әлеуметтік сенім деңгейі төмендейді, патриотизм мен толеранттылық пен төзімділік сезімі жойылады, құндылық бағыттары мен этикалық нормалар өзгереді, отбасына іріткі салынады, қоғам жікке бөлінеді. Сондықтан мемлекет пен діндар азаматтардың, діни бірлестіктердің қарым-қатынасы, бірінші кезекте, құқықтық негізде жүзеге асып, реттелуі қажет.
Мемлекеттің дін саласындағы саясатының маңызды бағыттарының бірі – радикалды діни идеологиялардың таралуына жол бермеу және оның алдын алу болып табылыды. Бұл жұмыс еліміздің барлық аймақтарында, әсіресе жастар мен жас жеткіншектер арасында жүйелі жүргізілуі тиіс.
Қазіргі таңда интернет ресурстарды қолданушылардың басым бөлігін жастар құрайды және соңғы уақыттарды деструктивті діни топтар үгіт-насихат жүргізуде ғаламторды кеңінен пайдаланатынын ескеріп, мемлекет деструктивті идеологияның алдын алуда виртуальды кеңістікте де басымдылыққа ие болуы қажет.
Осы тұрғыда Республикалық діни бірлестіктің бірі ҚМДБ-ның ресми интернет сайттарына қоғамдық қолдауды қамтамасыз ету және жетістіктерін насихаттауға көп көңіл бөлгеніміз дұрыс.
Бұл терең білімді, діни уағыз бен үгіт-насихаттың заманауи әдіс-тәсілдері мен технологияларын меңгерген мамандарды даярлау күн тәртібінде болуы керек.
Кездесу барысында қазіргі таңдағы жасөспірімдер арасындағы мәселелерге кеңінен тоқталып, заң талаптары кеңінен түсіндіріліп, орын алып жатқан жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстық іс-әрекеттердің алдын-алу жолдарын таныстырып, құқық бұзған жасөспірімдерге қолданылатын шаралар және жазалар жайлы мағұлмат берді…