Ағымдағы жылдың 10-20 мамыр аралығында Түркістан облысы аумағында «Құқықтық тәріп» жедел профилактикалық іс – шарасы өткізілуде. Шараның мақсаты қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтау және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.
Құқық тәртібі — құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар жүйесі. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, қирайды, оның келешегі болмайды. Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық саласында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі.
«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау мен алдын алуды күшейтуге, вандализм, мүліктің бүлінуі, ұсақ бұзақылық, сондай-ақ жол қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтар фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған.
Қазіргі кездегі қоғамдағы орын алып жүрген бірқатар құқық бұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайында аға полиция инспекторы сөз қозғап, өзекті ақпараттармен бөлісті.
Ата заңда адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды деп регламенттелген. Аталған конституциялық нормалар отбасы мүшесі қадір қасиетіне қол сұғу және жеке адамның қауіпсіздігіне де толық қолданылады.
Сондықтан азаматтардың өздеріңің құқық бұзушылықтардың алдын алуға белсенді қатысуын қамтамасыз ету – құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастырудың басты шарты…