Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Талапұлының нұсқауына сәйкес Кентау қалалық полиция бөлімі ағымдағы жылдың мамыр айының 10-20 аралығында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасын өткізуде.
Құқық тәртібі — құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар жүйесі. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, қирайды, оның келешегі болмайды. Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық саласында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі.
«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау мен алдын алуды күшейтуге, вандализм, мүліктің бүлінуі, ұсақ бұзақылық, сондай-ақ жол қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтар фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған.
Қазіргі кездегі қоғамдағы орын алып жүрген бірқатар құқық бұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайында аға полиция инспекторы сөз қозғап, өзекті ақпараттармен бөлісті.
Құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шара бойынша кентаулық полицейлермен 85 әкімшілік хаттама толтырылды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстардың алдын алу мақсатында тәулік бойы рейд жұмыстары жүргізілуде.
Атқарылған шаралар нәтижесінде автокөліктің тізгінін масаң күйде басқарған, көлігімен қос сызықтан өткен жүргізушілерге хаттама толтырылып, құжаттар сотқа жолданды.
Сонымен қатар жасөспірімдердің заңды өкілінсіз тұрғын жайдан тыс жерде жүру деректері тіркелді. Қосымша шетелдік автокөліктердің құжаттары тексеріліп, заңсыз жүрген автокөліктер айыптұраққа қойылды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі