• Чт. Ноя 28th, 2024
Популярные метки

Отбасы — адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.

Автор:admin

Сен 30, 2022
Spread the love

 Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаулысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, коршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың, азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі — бала тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі — бұл жалпы тәрбиенің ең басты бір бөлігі.

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен демекілік. Не көрсе соған талпынып, “ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені. (А. Құнанбаевтың жетінші қара сөзі). Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз. Тәрбие – күрделі үдеріс. Саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы. Еліміздің болашағының тізгінін ұстар тұлғаның бойына білімнің нәрін, тәрбиенің иісін сіңіруміз қажет. Ата-бабамыздан қалған ұлттық тәрбиемізге дақ түсірмеу үшін барлық қажетті жауапкершілікті ата-ана өзіне алғаны жөн, себебі бала ата-ананың өмірінің жалғасы. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса елдің болашағы зор болмақ.

Ата –аналардың міндеті: 1. Бала тәрбиесі негізі ата-анада жатқанын естен шығармауға; 2. Мектеппен байланыста болып, баланың сабақтан қалмауын, кешікпей келуін қадағалауға; 3. Балалардың өмірі мен оқуы үшін олардың рухани дамуын, адамгершілік

жағынан қалыптасуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға; 4. Баланы оқулықтар мен басқа оқу құралдарымен толық қамтамасыз етуге; 5. Салауатты өмірді насихаттауда баласына үлгі көрсетуге; 6. Баланың жеке басын қорлайтындай жаза қолданбауға; 7. Мұғалімдердің құқын, беделін, абыройын сыйлауға; 8. Көше ережелерін сақтауды еске салып тұруға; 9. Үнемі сынып жетекшісімен тығыз байланыста болып, ата –аналар жиналысына қатысып отыруға.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика