Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Экономикалық даму және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі аймақтық кеңестің «Жұлдыз» индустриалды аймағында көшпелі отырысы өтті.
Отырысқа «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева Кеңес төрағасы М.Абдукаримов, қалалық фракция жетекшісі Қ.Имашев, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ғ.Ташқараев, мәслихат депутаттары Т.Сұлтанова, Н.Балабиев, комиссия мүшелері және жауапты басқарма басшылары мен кеңес мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша бекітілген Жол картасындағы тармақтардың орындалу барысы талқылады. Сонымен қатар, индустриалды аймақта орналасқан «First Concrete Company» ЖШС-ның темір бетон бұйымдары өндіріс орнының жұмысымен танысты.
Аталған нысанның құрылысы 2023 жылы басталып қазіргі таңда жобаның құрылыс жұмыстары 80%-ға аяқталған. Жоба іске қосылған кезде 100-ден аса жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі. Ағымдағы жылдың 4-тоқсанында нысаның құрылысы толық аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Қалада шағынаудандарды электр қуатымен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Абай ауданы аумағындағы Асар-2 шағынауданын электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарының 2-кезеңі аяқталды.
Шымкент қаласы өндіріс саласында республикада ойып тұрып орын алатыны жасырын емес. Дәл осылай танымал болуының бірден бір себебі ол арнайы индустриалды аймақтардың саны және сапасында.
Бүгінде кәсіпорын ашуға ниеттенген инвесторлар қала төңірегіндегі 5 аймаққа орналастырылады. Мәселен, «Оңтүстік» индустриалды аймақтың толымдылығы 95 пайызға жетті. 337 гектар аумаққа орналасқан аймақта 91,4 млрд теңгенің инвестициясына 76 жоба іске асып, 2512 жұмыс орны құрылған. Осы аймаққа инфрақұрылым тарту үшін 6,9 млрд теңге жұмсалса, бюджетке 36,3 млрд. теңге салық төленіпті. «Тассай» индустриалды аймағы да кәсіпорындармен толықты. Аймақтың 95 пайыз аумағында өнідіріс орындары жұмыс істеп жатыр. Атап айтқанда, 89 гектарды құрайтын индустриалды аймақта 36,7 млрд теңгенің 24 инвестициялық жобасы жүзеге асуда. Нәтижесінде, 1865 жаңа жұмыс орны құрылды. Одан бөлек, қаламызда «Ордабасы» жеке индустриалды аймағы да жұмыс істеп тұр. Аумағы 126 гектар болған аймақта 4,8 млрд теңгеге 135 жоба жұмыс іске асып келеді. Аймақтың 85 пайызында өндіріс орындары құрылып, 850 жұмыс орны ашылған.