• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ 12 МЫҢ АДАМ МІНӘЖАТ ЕТЕ АЛАТЫН МЕШІТ АШЫЛДЫ

Автор:admin

Май 24, 2024
Spread the love

Бүгін жаңадан бой көтерген «Сейітжан қари Есжанұлы» атындағы еңселі мешіттің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, Мемлекет басшысының құттықтауын жеткізді. Мешіт кешенінің ашылу рәсіміне Меккеден шейх Осман Тоhа, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, дін ғалымдары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары да арнайы шақыртылған.
Осман Тоһа, Құран кітабын жазған каллиграф:
Қазақстанға, ата-бабамның кідік қаны тамған жерге алғаш рет келуім. Қазақ ұлты сондай жомарт, ақкөңіл, жүректері иманға толы халық екен. Орталарыңызға келгеніме өте қуаныштымын.
Наурызбай қажы Тағанұлы мүфтият атынан Осман Тоhаға шапан жауып, құрмет көрсетті. Еліміздің үшінші мегаполисіндегі ең үлкен мешіттің ашылуына парламент сенатының депутаты Әли Бектаев, мәжіліс депутаты Данабек Исабеков қатысып, ізгі тілектерін айтты. Іс-шара соңында бас мүфти жамағатқа уағыз айтып, жұма намазын өткізді.
Әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан 12 мыңға жуық адам мінәжәт ете алатын мешіт ұлттық нақышта, классикалық ислам стилінде безендірілген.
Серікжан Сейітжанов, кәсіпкер, меценат:
— Медресе қызмет етеді. Соған оқимын деген, Ислам дінінде ілім алам деген кісілердің барлығын шақырамыз. Мен әдейі фонд аштым. Оқимын деген азаматтарды біз өзіміз тегін оқытамыз.
Төрт гектар көгалдандырылған аумағы бар мешіт кешенінде ислам тарихының мұражайы, әйелдерге арналған оқу орны, медресе, кітапханалар орналасқан. Жобада әкімшілік бөлмелер, телеорталық, фитнес орталық пен асхана бар және 736 орынға арналған жерасты паркингі де жұмыс істеп тұр.
Мешіт іші табиғи ауа ағыны арқылы желдетіледі, дезинфекцияланады және жылытылады. Мамандар мұндай технология Москва метросының құрылысында қолданылғанын айтады. Діни кешен енді оңтүстік өңірі тұрғындарының рухани орталығы болуымен қатар, Шымкент қаласының ең сәулетті орындарының біріне айналмақ.
Діни кешен ұлттық нақышпен безендіріліп, класссикалық ислам үлгісімен үйлесім тапты. Күмбездің биіктігі 56 метр болса, мұнарасы 63 метрден асады. Ішінде ерлерге арналған мінәжат залдары мен әйелдердің оқу бөлмелері де қарастырылған. Кітапхана, асхана, мәжіліс залы мен 100 орындық неке қию сарайы бар.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика