• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Қаратау ауданы полиция басқармасының қызметкерлерімен жедел кеңес өтті

Автор:admin

Май 23, 2024
Spread the love

Қаратау ауданы полиция басқармасының тергеу, анықтау және жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен жедел кеңес өтті.
Жиынға полиция департаменті анықтау басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі И.Құралбаев төрағалық етті.
Кеңесте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының мазмұны мен тармақтары түсіндірілді. Яғни, Қылмыстық кодекске енгізілген «зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстар», — деген жаңа ұғым, жаңа баптар енгізілгені туралы, сондай-ақ бұл қылмыстар бойынша тергеуді жүргізу бойынша айтылды.
Айта кететін, Президент 2022 жылғы 16 наурыздағы және 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырған болатын.
Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.
Зорлық зомбылық жасауға бірнеше негізгі себептер бар. Ең қарапайымдары – ішімдікке, нашақорлыққа, құмар ойындарға тәуелділік зорлық-зомбылыққа итермелейді. Алайда, статистикаға сәйкес отбасылық жанжалдарға басқа да себептер әсер етіп жатады.
Тұрмыстық тиран Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің арнайы баптарымен әкімшілік жазаға тартылады. Заңнама аясында оның отбасына жақындай алмайтындай мүмкіндіктер де қарастырылған. Тек тұрмыстық зорлық зомбылық көрсетушінің әрекетіне табанды қарсылық көрсете білуіңіз маңызды.
Әйелдер отбасында ғана зорлық көреді деп ойласаңыз, қателесесіз. Ол өмір сүретін қоғамда да, ортада да әйелдер үшін қауіпсіз орын аз шығар. Өйткені Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, елімізде жыныстық серіктесі емес, мүлдем бөгде адамның тарапынан күш көрсету немесе сексуалдық зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдердің саны да жетерлік. Яғни, осыдан әйелге қатысты қылмыс жасалуы үшін әйел болғаныңның өзі жетерлік, басқа ештеңенің қажеті жоқ ау деген ойға қаласың.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика