Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, Абай аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Есімхан Бертаев «Болашақ» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесіп, 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты Шымкент қаласының сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша ақпарат беріп, алдағы жоспарлармен бөлісті.
— Біздің басты міндетіміз — халықтың мәселесін тиімді шешуге ықпал ету. Қазіргі таңда «AMANAT» партиясы халықтың мүддесін қорғайтын және Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізетін басты институт болып саналады. Қаламыздағы тұрғындарды толғандырып жүрген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табуда. Партиямыз алдағы уақытта да қоғамның сұраныстарына дер кезінде жауап беріп, жүйелі жұмысты жалғастыратын болады, — деді Ж.Бектаева.
Айта кетейік, Жол картасы аясында қазіргі таңда 16,7 мың орындық 15 мектеп және мектепке қосымша үш ғимарат, оқушылар сарайы, 150 орындық көркемсурет мектебі ашылды, студент жастарға арналған 1 мың орындық 2 жатақхана іске қосылды, 8 білім беру нысанына күрделі жөндеу аяқталды, 400 орындық 2 денсаулық сақтау нысаны, 5 спорт нысаны ашылды.
Сонымен қатар, «Жастар-Отанға» БПҰ жоспарға сәйкес «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламаларын кезеңімен жүзеге асыруға, сондай-ақ партияның арнайы жобаларын іске асыруда белсенділік танытып келеді. Соның ішінде «Ардагерлерді ардақтайық», «Еркін пікір», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Таза сессия», «ТазаLike», «Жылулық сыйлаймын», «Жастарға жұмыс», «Қауіпсіз қала» жобалары аясында жұмыстар жүргізілді. Түнгі уақыт аралығында кәмелеттік жасқа толмаған азаматтардың қоғамдық орындарда, түнгі клубтар мен кафе, мейрамханаларда және т.б. жерлерде сағат 23.00-ден кейін ата-анасының бақылауынсыз жүруіне жол бермеу мақсатында рейдтік жұмыстар жүргізілді. «Жастар Отанға» БПҰ алдағы уақытта да жетекші партияның жобаларын іске асыруда өзіне жүктелген міндетті атқарып, партия бағдарламаларын насихаттайтын болады.