• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ БАСТЫ НАЗАРДА

Автор:admin

Май 22, 2024
Spread the love

Бүгін Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Шыңғыс Қозбахов жеке қоғамдық қабылдау өткізді.
Халық қалаулысына қабылдауға келгендердің басым бөлігі тұрғын үй, жұмыспен қамтамасыз ету, алимент, әлеуметтік саладағы мәселелерді көтерді.
Мәселен, мүгедектігі бар Ғ.Шурабеков нағашы ағасы ата-анасынан қалған үйінің үлесін алып қойғанына наразы. Ал У.Сегизбаева келіні қайтыс болып, артынан кәмілетке толмаған 5 баласы қалғанын айтып, тұрғын үй мәселесі бойынша көмек сұрады. К.Оразова көпқабатты үйдің шатырын су өтуіне байланысты демеуші есебінен қалпына келтіру жұмыстарын жасақтап беруді өтінді.
Шыңғыс Лесбайұлы қабылдауға келген тұрғындардың мәселесін жіті тыңдап, көтерілген мәселелер партиялық бақылауға алынатынын жеткізді. Келушілерге заңға сәйкес нақты жауап беріп, кейбір өтініштер оң шешімін тапты.
Айта кететін, биылғы жылы 73 тұрғын үйден 207,6 мың шаршы метрді құрайтын 66 тұрғын үй құрылысы аяқталып, 2 670 пәтер баспанаға мұқтаж тұрғындарға табысталады. Ал, 31,3 мың шаршы метр құрайтын 260 пәтерлі Ақжайық шағынауданындағы 7 тұрғын үйдің құрылысы 2025 жылға өтпелі.
Сонымен қатар жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 1264 пәтер сатып алуға бюджеттен 22,7 млрд. теңге қарастырылған. Оның ішінде жұмыс істейтін жастарға 900 пәтерді және халықтың әлеуметтік осал топтарына 364 пәтерді нарықтан сатып алу жоспарланып отыр.
Жалпы Шымкент қаласында жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарлама аясында жалпы саны 1900 отбасы арендалық пәтермен құрылыс жұмыстарының аяқталуы және пәтерлердің коммуналдық тұрғын үй қорына өткізілуіне қарай қамтылатын болады.
Оның ішінде тұрғын үй кезек реттілігі бойынша 449 пәтер халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына, 351 пәтер көпбалалы отбасыларға, 200 пәтер жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі. Бұдан бөлек 900 пәтерге жұмыс істейтін жастар қоныстанатын болады.
Өткен жылы қалада 1687 арендалық пәтер сатып алу құқығынсыз үлестірілген болатын. Оның ішінде 35 жасқа дейінгі жұмысшы жастар мен түрлі санаттағы кезекте тұрған азаматтар бар.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика