• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Шымкент қаласы полиция департаменті музейінің қоры толықтырылды

Автор:admin

Май 20, 2024
Spread the love

Музейлер динамикалық білім беру орталықтары ретінде қызмет етеді. Қызығушылықты, шығармашылықты және сыни ойлауды дамытуға қызмет етеді. Департамент музейінің де басты мақсаты жастарға музей құндылықтары негізінде білім беру, өткен тарихпен таныстыру. Музей қорын жинақтау болып табылады.
Жуырда отставкадағы полиция полковнигі полицейлер арасындағы спорттық ойындардың бірнеше дүркін әлем чемпионы Жандаров Асқар жүлделі жетістіктерін және нысанды киімін музейге сыйға тапсырды.
Мұндағы басты мақсат, тәртіп сақшыларының үздіксіз еңбегі мен қызмет барысындағы көзсіз ерліктері туралы дәріптеп, жас буынның құқық қорғау саласына деген қызығушылығын арттыру болып табылады.
Еске саларлық, 2024 жылдың 18-сәуірінде Шымкент қаласы полиция департаментінің мұражайымен танысуға қаладағы Жол көлік колледжінің 2-курс студенттері келіп, саяхат жасады. «Сұрақ-жауап» ретінде өткен іс-шарада студенттер полиция қызметімен танысып, мұражайдағы Ішкі істер органдарының қызметкерлері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен батырлары туралы мағлұматқа қанықты.
Студенттерге мұражай меңгерушісі Гүлнәр Қожамжарова ІІО-ның құрылу тарихын айтып, әңгімелеп берді. Сонымен қатар мұражай меңгерушісі Ішкі істер органдарында осыған дейін басқарған генералдардың фотосуреттерін көрсетіп, олар туралы қысқаша мәліметтерді мысалға келтірді. Құқық қорғау саласының қыр-сыры туралы түсіндіріп, полицияның өткені мен бүгіні жайлы тың ақпараттар берді.
Студенттер мұражайдағы құнды жәдігерлерге қызығушылықпен қарап, өздеріне қажетті сұрақтарға жауап алып, ерекше әсермен қайтты.
Халықаралық музейлер күні 1978 жылы Халықаралық музейлер Кеңесінің ХІІ Бас Ассамблеясының шешімімен жарияланды. Жыл сайын 150-ден астам елде атап өтіледі.
18 мамыр халықаралық музейлер күнімен барлық музей қызметкерлерін құттықтаймыз.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика