• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ҮШЕМГЕ МЫРЗАХМЕТ, НҰРМАХАНБЕТ, ДІНМУХАММЕД ЕСІМДЕРІ БЕРІЛДІ

Автор:admin

Май 20, 2024
Spread the love

24 жастағы жас ана Айгүл Бақытжанқызы үшемді дүниеге әкелді.
Ұлдар мерзімінен бұрын, жүктіліктің 31-аптасында қалалық перзентханада туылды, салмақтары — 1580, 1640, 1610 келі. Дәрігерлер сәбилерді алдымен жансақтау бөлімінде тұрақты бақылауда қарап, арнайы ем-шараларды жасап болған соң палатаға шығарған. Бүгін дәрігерлер салмақ жинап, жағдайлары жақсарған нәрестелерді сән-салтанатымен үйлеріне шығарып салды.
Қуанышқа кенелген отбасы үшемге Мырзахмет, Нұрмаханбет, Дінмухаммед есімдер берген. Бұл – Шымкенттегі жыл басынан бері дүниеге келген төртінші үшем.
Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 10913 сәби дүниеге келген. Оның 5579-ы ұл болса, 5334-і қыз. Егіздердің саны 107-ге жетіп, төрт үшем өмірге келген.
Қаладағы медицина ұйымдары арасында жалпы денсаулық сақтау саласындағы жемқорлыққа әкелетін факторларды алдын алу мақсатында 11 жоба қолға алынып, 5-жоба пилоттық режим негізініде жүргізілуде.
Медицина мекемелеріне жұмысқа қабылдауды ашық және объективті өткізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша жою мақсатында Денсаулық сақтау басқармасы 2022 жылы 8 қыркүйекте №38-02-04/3956 санды шығыс хатпен қалалық Цифрландыру басқармасымен бірлесе отырып қазіргі уақытта «i-shymkent.kz» порталы арқылы НR-процесс жүйесін жүргізу қолға алынып, интеграциялау жұмыстары жүргізілген.
Сондай-ақ, Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасына ведомстволық бағынысты мемлекеттік медициналық мекемелерде барлығы 2260 бейнекамера орнатылған. Бейнекамералар стационар, перзентханаларға және балалар ауруханасының дәліздеріне т.б медицина ұйымдарының кабинеттеріне орнатылған. Сонымен қатар, Шымкентте денсаулық сақтау саласындағы жемқорлық факторларының алдын алу мақсатында 11 жоба қолға алынды. Бүгінде денсаулық сақтау саласында кадр мәселесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатынада бір қатар қарқынды жұмыстар атқарылуда. Бүгінде қаладағы медицина ұйымдары арасында жалпы денсаулық сақтау саласындағы жемқорлыққа әкелетін факторларды алдын алу мақсатында 11 жоба қолға алынып, 5-жоба пилоттық режим негізініде жүргізілуде.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика