2024 жылдың 11-18 мамыр аралығында Ташкент қаласында «Шашка-64» бойынша Халықаралық дойбыдан әлемдік кубокқа №125 жалпы орта білім беретін мектебінің Дойбы үйірмесінің шәкірттері бәйгеге түсті.
Нәтижесінде, алтын және 2 күміс жүлдені иеленді. Жүлделі І орынға Дарина Гапонова алтын медалді иеленсе, ІІ орынды Әділхан Батихан күміс медаль иегері атанды.
Блиц категориясы бойынша Гапонова Дарина 2 орын күміс медальді қанжығасына байлады.
Кез келген адамның уысына түсе бермейтін жүлде Қазақстан жастарының қоржынына түскені — зор мақтаныш. Әлем кубогының жеңімпаздары мен оларды шыңдаған жетекшісі Долинко Олеся Петровнаға өз алғысымызды білдіреміз.
Айта кететін, «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында № 9, 65, 89, 90, 135 және тағы басқа білім беру мекемелерінде ағаштар отырғызылған болатын.
Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы қоғамның саналы және азаматтық жауапкершілік танытқан барлық топтарын жұмылдырды.
Президенттің қолдауымен бастау алған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына Шымкент қаласының білім беру мекемелері белсене ат салысуда.
Мұндай іс-шаралар барлық қазақстандықтардың тазалық пен тәртіпті сақтау әдеттерін қалыптастыратынына сенімдіміз! Жақсы дәстүрлер жас ұрпаққа сақталуы және берілуі керек, ал табиғатқа деген ұқыптылық балабақшадағы балаларға сіңірілуі керек. Әр елді мекеннің тазалығы тұрғындардың қатысуына байланысты, өйткені әр көше, әр үй, әр аула сіздің ауылыңыздың, қалаңыздың және ауданыңыздың айнасы!
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына арналған челледжді Жамбыл облысының Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерінен қабыл алып, Түркістан облысының Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттеріне жолдаймыз!