• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ПАРТИЯ АЛАҢЫНДА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Автор:admin

Май 17, 2024
Spread the love

«AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасында денсаулық сақтаудың қол жетімділігі мен сапасы басым бағыттардың бірі ретінде белгіленген. Партия әрбір азамат тұрғылықты жері мен материалдық жағдайына қарамастан, қажетті кәсіби медициналық көмекті дер кезінде алуы керек деп есептейді және осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізуде.
Бүгінгі қоғамдық қабылдауда денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асылбеков Нұрлыбек тұрғындардың мәселелерін тыңдады.
Қабылдауға келушілер оңалту орталығына жолдама алу, емханаға тіркелу және дәрі-дәрмектер тізбегі бойынша өтініштері мен өз ұсыныстарын білдірді. Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған басқарма басшысы қабылдауға келген азаматтарға денсаулық саласы бойынша толық ақпарат беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Айта кететін, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылғанына 3 жылға жуық уақыт болды. Ресми мәлімет бойынша содан бері денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 2 есеге өскен.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) – бұл денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік мүдделерді қорғаудың мемлекеттік жүйесі. МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне, табысына қарамастан, тең дәрежедегі медициналық және дәрілік көмекті қамтамасыз етеді.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – бұл тұрғындарды ауру, жарақат, жүктілік, бала туу, мүгедектік, кәрілік жағдайындағы әлеуметтік қорғау үлгісі.
Көптеген дамыған елдер тұрмысы төмен, көмекке мұқтаж адамдарға ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік беретін МӘМС жүйесін таңдаған.
МӘМС мемлекеттің, жұмыс берушінің және әрбір адамның ортақ жауапкершілігіне негізделген. Мемлекет халықтың экономикалық белсенді емес азаматтарына жарна төлейді (тізімі төменде). Жұмыс берушілер – жалдамалы жұмыскерлерге, жұмыскерлер мен салық органдарында тіркелген өз-өзін жұмыспен қамтушы азаматтар – өздері үшін жарна төлейді. Осылайша, «сен бүгін басқаларға, ертең олар саған көмектеседі» деген ортақ жауапкершілік қағидаты бойынша, көмекке мұқтаж адамдарға мұқтаждығы төмен азаматтардың есебінен қызмет көрсетіліп, қаржыны тиімді бөлуге мүмкіндік береді.
Медициналық сақтандыру қорына жарналар енгізу арқылы, сіз қабылдаудан бастап дәрігердің толыққанды тексерулеріне дейін және МӘМС пакеті шеңберінде қымбат операцияларға, кез-келген емханада медициналық қызметтердің барлық түрлеріне қол жеткізе аласыз.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика