Оқу жылының аяқталуының қарсаңында Ғани Бейсембаев «Алтын белгіге» үміткерлермен кездесу өткізді. Үздік оқу үлгерімімен ерекшеленген 7 мыңнан астам мектеп бітірушіге министр өзінің ақыл-кеңесін айтып, бағыт-бағдар берді.
Ғани Бейсембаев мектепте алған білімнің болашақта кәсіби табысқа жетудің мықты іргетасына айналарына сенімділік білдірді.
«Білім — бұл кез келген табыстың іргетасы. Сендердің биік мақсаттарға жетуге деген талаптарың мен табандылықтарың қуантады. Мектеп қабырғасында белсенді болып, өздеріңізден кейінгі оқушыларға үлгі бола білгендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Биылғы жылы 186 мың мектеп бітіруші өмірлеріндегі жауапты сәтке қадам басқалы отыр. Әрқайсыларыңыз алдағы емтиханды сәтті тапсырып, өз мақсаттарыңызға қол жеткізесіздер деп сенемін. Сіздерге білім жолында үнемі ізденіс пен талпыныс, табыс пен сәттілік тілеймін»,- деді Ғани Бейсембаев.
Кездесу кезінде түлектердің әрқайсысы өздерінің жетістіктері туралы айтып, болашаққа жоспарларымен бөлісті, министрге сұрақтарын қойды, пікір алмасты. Кездесуге қатысушылар сапалы білім алу мүмкіндігін беріп, қолдау танытқан еліміздің үкіметіне алғыстарын білдірді.
Айта кету керек, биылғы жылы жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатына 7000-нан астам білім алушы үміткер болып отыр.
Еске салып кететін, 2021-2025 жылдарға жоспарланған «Білімді ұлт, сапалы» сапалы білім беру» ұлттық жобасы жалпы 4 негізгі бағыт, 5 міндет, 15 көрсеткіш һәм 26 іс-шараны қамтиды. Бұл ұлттық жоба білім беруді дамыту тұжырымдасымының аясында әзірленді. Жобаны жүзеге асыру арқылы ауыл мектептеріне, оның ішінде толық жинақталған, толыққанды кешенді саналатын білім ошақтарында жан басына қаржыландыру бірте-бірте іске қосылады, педагогтердің де еңбекақысы уақыт көшімен ілесе үстемелене отырып көбеюде.
Бұл жоба – педагогтардың өзіндік іс-әрекеттерін талдауға, жаңа идеяларды жүзеге асыруда сеніімділік пен алға ұмтылуға септігін тигізеді. Жалпы білім беретін ортада оқушыны табысқа жетелеу үшін мұғалім – уақытты ұтымды пайдалана алатын, міндеттерді нақты анықтай білетін, кез-келген мәселені шешудің оңтайлы жолдарын тез табатын, қоғамға қызмет ететін және осыған толық жауапкершілікпен қарайтын көшбасшы болуы керек.
Педагог – ең алдымен, бүкіл оқу процесінің мотиваторы, ол оқушыларға жаңа ақпаратты іздеуде бағыт-бағдар берумен қоса, оны қабылдау, өңдеу және игеру дағдыларын қалыптастыра білуі қажет. Сондықтан, білім беру сапасын арттырып, тәжірибесі озық елдердің деңгейімен теңестіру – біздің басты міндет.