• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Пошта жөнелтілімдері тексерілуде

Автор:admin

Май 16, 2024
Spread the love

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №508 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын» тиімді іске асыру, Шымкент қаласы аумағына есірткі құралдары мен психотропты заттардың заңсыз енуіне сенімді тосқауыл қою мақсатында, қалалық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері тұрақты түрде бірлескен тексеру жұмыстарын жүргізіп келеді.
Есірткі мен психотроптық заттардың аса ірі мөлшерде тарату — 10 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын аса ауыр қылмыс.
Синтетикалық заттардың 1 грамнан жоғары мөлшері, аса ірі мөлшер болып саналады.
Кезекті іс-шара Шымкент қаласында орналасқан «Қазпошта» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының пошта сұрыптау-тасымалдау басқармасында және қалалық теміржол вокзалында жүргізілді.
Онда Кинологиялық қызмет орталығының «Айла» және «Альфа» атты қызметтік иттерінің қатысуымен өткен тексеру, пошта жөнелтілімдері, жолаушылар және жүк тасымалдары арасында есірткі контрабандасын, сондай-ақ өзге де заңға қайшы заттарды заңсыз тасымалдау деректерін анықтау мен жолын кесуге бағытталды.
Атап өту қажет, аталған тексеру жұмыстары «Қазпошта» АҚ құрылымдық бөлімі, Көліктегі полиция департаменті Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімі мен Шымкент қаласының полиция департаменті арасындағы бірлескен іс-шаралар жоспары негізінде жүргізілуде.
Мәселенің маңыздылығын атап өтіп, азаматтарға мұқият болу, жеңіл пайдаға берілмеу және күдікті әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына хабарлау қажет.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика