• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Есірткіге қарсы күрес қарқынды жүруде

Автор:admin

Май 16, 2024
Spread the love

Есірткі сатумен айналысатын топтар, қылмыскерлер жарнама құралы ретінде әлеуметтік желіні, граффити суреттерді жиі қолданатыны мәлім. Кез келген әлеуметтік желіде жастар мен жасөспірімдер белсенді екенін ескерсек, мұндай жарнама атаулының ел болашағына айтарлықтай қауіп төндіретінін айқын сезінеміз.
Шымкент қаласының полиция департаменті есірткімен байланысты қылмыстардың жолын кесумен қатар оның алдын алу мәселесін қай кезде де назардан тыс қалдырған емес.
Осы орайда, полиция департаменті басшылығының нұсқауымен есірткі жарнамасы және оны насихаттауға қарсы тұрақты негізде қала аумағында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Ішкі істер министрлігі басшылығы қойған міндеттерді орындау мақсатында есірткі қылмысын анықтау және жолын кесу стратегиясы ұдайы жетілдіріліп келеді.
Қабылданған шаралар нәтижесінде, өткен жылы полиция қызметкерлері 2 мыңнан астам есірткі жазбаларын анықтап, олардың көзін жойды. Бұл бағытта өткен жылы бірқатар науқандар өткізілді. Оған мүдделі мемлекеттік органдар, коммуналдық қызметтер, партия өкілдері, жастар мен еріктілер жұмылдырылды.
Осы жылы да жұмыстар жалғастырылып, төрт айда тағы 3 мыңға жуық жазбалар анықталып, арнайы бояулармен өшірілді. Бұл бағыттағы жұмыстар бір сәтке де тоқтамақ емес.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері осы жазбаларды қалдырған тұлғаларды анықтап, оларды жауапкершілікке тарту мақсатында жұмыстар атқаруда.
Осы орайда, полиция қызметкерлері қала тұрғындарынан аталған мәселеге бей-жәй қарамай, есірткі жазбаларын қалдырудың куәсі болған жағдайда бірден «102» арнасына хабарлауды сұрайды.
Сондай-ақ, есірткі заттарын насихаттағаны және жарнамаланғаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика