• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ІЛИЯС ОҚУЛАРЫ» КОНКУРСЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Автор:admin

Май 16, 2024
Spread the love

2024 жылғы 15-16 мамыр күндері Жетісу облысы, Талдықорған қаласында өткізілген республикалық «Ілияс оқулары» конкурсына Шымкент қаласының қалалық кезең жеңімпаздары қатысты.
Нәтижесінде:
Бас жүлде — «Ілияс — қарасөз шебері» бағыты бойынша — Байданов Батырхан, Саттар Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;
«Сұлу сөздің сүлейі» бағыты бойынша IІ орын — Әбдез Шұғыла, Саттар Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы иеленді.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Болашақта білімді жастарымыз әлемдік деңгейді бағындыра берсін.
Шымкент қалалық білім басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын аясында шаһарда 2025 жылға дейін 28 000 орындық 18 мектептің құрылысын салу жоспарлануда. Инфрақұрылымның дамуы мен мектептердің материалдық-техникалық базасының нығаюы білім сапасына да оң әсер ететіні сөзсіз. Шымкенттік оқушылардың білім сапасына қатысты көрсеткіштері жылдан жылға жақсарып келеді. Мәселен, 2021-2022 оқу жылы білім сапасының деңгейі 51,1 пайызды құраса, 2022-2023 оқу жылы 56,2 пайыз құрап, 5,1 пайызға өскен. Жергілікті оқушылар халықаралық және республикалық білім сайыстарынан 2023 жылы 92 жүлделі орынға ие болған.
Жоспарланған 18 мектеп құрылысы пайдалануға берілген жағдайда жаңадан ашылған шағын аудандардың және сынып толымдылығы жоғары мектептер мәселесі толығымен шешілетін болады. Сонымен қатар қосымша 2 579 педагог жұмыспен қамтылады. Жобада жайлы мектептің ерекшеліктері бекітілген. Бастауыш және жоғарғы сыныптарға арналған ғимараттың жеке блоктарының болуы, пәндік кабинеттердің толық жиынтығы, еңбекке баулуға арналған әмбебап шеберханалар мен студиялар, жабдықталған спорт зал мен асханалар және арнайы талаптарға сай қауіпсіздік жүйелері қамтылған. Қала әкімінің орынбасары құрылыс барысында осы артықшылықтарды назарға алуды, құрылыстарды мерзімінде аяқтауда өзекті мәселелерді жүйелі шешуді тапсырды. Жалпы үш ауысымда білім беретін мектептер және мектебі жоқ шағын аудандар мәселесі толығымен шешілді деп айтуға болады, ал орын тапшылығын (дефицит) 2025 жылға дейін толығымен шешу жоспарланған.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика