Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаты Л.М.Қалтаеваның төрағалығымен «AMANAT» партиясы жанындағы Мүгедектігі бар адамдардың инклюзиясы жөніндегі республикалық кеңестің бейнеконференциялық кеңес отырысы өтті.
Кеңес отырысына «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Б.Тулегенов және филиал жанындағы «Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау» мәселелері жөніндегі аймақтық кеңестің төрайымы Б.Жандосова, Шымкент қалалық мәслихат депутаты, «Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау» мәселелері жөніндегі аймақтық кеңес төрайымының инклюзия бойынша орынбасары Амбассадор, А.Дубинина, Шымкент қаласы білім басқармасы жанындағы “Ерекше қажеттілігі бар балаларды қорғау” орталығының директоры Ж.Утесинова, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары К.Тұрлыбеков, Шымкент қаласы Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің бақылау бөлімінің басшысы Ф.Смайлова, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының ана мен баланы қорғау бөлімінің басшысы И.Глазебная, “АMANAT” партиясы жанындағы Әйелдер қанатының мүшесі Г.Жартыбекова қатысты.
Кеңестің күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1.Кейбір заңнамалық актілерге мүгедектігі бар адамдарды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу;
2. Инклюзия саласындағы ұлттық стандартты енгізу мәселелері қаралды;
Аймақтық кеңес мүшелері тарапынан бірнеше ұсыныстар айтылып, алдағы уақытта жұмыстар атқарылатыны жеткізілді.
Мүгедектігі бар адамдардың мынадай құқықтары бар:
— әлеуметтік қорғалуға, оның ішінде абилитациялауға, оңалтуға, қоғамға интеграциялануға;
— мектепке дейінгі тәрбие алу мен оқу, білім алу үшін жағдайлармен қамтамасыз етілуге;
— Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекке;
— арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлеміне;
— кәсіптік даярлыққа және қайта даярлыққа, еңбек қабілетін қалпына келтіруге және жұмысқа орналасуға;
— инфрақұрылым, ақпараттандыру объектілеріне, көлікке, ақпаратқа, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шараларға, спорттық сайыстарға және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділіктің қамтамасыз етілуіне;
— өзінің сайлау және сайлану құқығын жүзеге асыруға;
— Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге;
— мемлекеттік және өзге ұйымдарда, оның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет көрсету саласындағы ұйымдарда бірінші кезекте қызмет көрсетілуге құқығына ие болады.