• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Автор:admin

Май 15, 2024
Spread the love

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында кезекті қоғамдық қабылдауды мәслихат депутаты Мерлан Керимжанов өткізді.
Қалалық мәслихат депутатының жеке қабылдауына келген азаматтардың басым бөлігі әлеуметтік көмек сұрап келген азаматтар. Атап айтсақ, Ирина Магамедова табиғат демалыс аумағына кіруді ақылы болуына наразылығын айтып, сондағы қоқыс тастаған жеке тұлғаларға жоғары айыппұл салуды өтінді. Ал, Бәйдібек ауданының тұрғыны мүмкіндігі шектеулі азамат Егізбай Бөбеев қаладан баспана керектігін жеткізіп, шешу жолдарын қарастырып беруді сұрады.
Биылғы жылы 73 тұрғын үйден 207,6 мың шаршы метрді құрайтын 66 тұрғын үй құрылысы аяқталып, 2 670 пәтер баспанаға мұқтаж тұрғындарға табысталады. Ал, 31,3 мың шаршы метр құрайтын 260 пәтерлі Ақжайық шағынауданындағы 7 тұрғын үйдің құрылысы 2025 жылға өтпелі.
Сонымен қатар жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 1264 пәтер сатып алуға бюджеттен 22,7 млрд. теңге қарастырылған. Оның ішінде жұмыс істейтін жастарға 900 пәтерді және халықтың әлеуметтік осал топтарына 364 пәтерді нарықтан сатып алу жоспарланып отыр.
Жалпы Шымкент қаласында жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарлама аясында жалпы саны 1900 отбасы арендалық пәтермен құрылыс жұмыстарының аяқталуы және пәтерлердің коммуналдық тұрғын үй қорына өткізілуіне қарай қамтылатын болады.
Оның ішінде тұрғын үй кезек реттілігі бойынша 449 пәтер халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына, 351 пәтер көпбалалы отбасыларға, 200 пәтер жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі. Бұдан бөлек 900 пәтерге жұмыс істейтін жастар қоныстанатын болады.
Өткен жылы қалада 1687 арендалық пәтер сатып алу құқығынсыз үлестірілген болатын. Оның ішінде 35 жасқа дейінгі жұмысшы жастар мен түрлі санаттағы кезекте тұрған азаматтар бар.
Депутат қала тұрғындарының тарапынан түскен өтініштері мен ұсыныс-пікірлерін заң аясында қарап, тиісті атқарушы органдарға көтерілген мәселелер бойынша депутаттық сауал жолдайтынын жеткізді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика