• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІН ТЫҢДАДЫ

Автор:admin

Май 14, 2024
Spread the love

«AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелерінің негізгі міндеті – жергілікті жер­лердегі азаматтарды толғандыратын аса маңызды проблемаларды айқындау, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді бағалау болып табылады. Осы мақсатта енгізілген қоғамдық қабылдау бөлмелеріне тұрақты түрде азаматтар түрлі мәселелермен келіп, көмек алады.
Бүгінгі қоғамдық қабылдауда қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Исламов Азат Рахымбердіұлы азаматтардың талап-тілегін тыңдап, мәселелерімен танысты.
Басқарма басшысының қабылдауына 20-ға жуық қала тұрғандары келді. Азаматтардың басым бөлігі баспана мәселесі, тұрғын үй құрылысының сапасына шағымдары, кезекке тұру, жастар бағдарламасы бойынша көмек сұрады.
Басқарма басшысы өз кезегінде заң аясында түсінік беріп, көтерілген мәселелер бойынша жауапты мамандарға тапсырмалар жүктелетіндігін жеткізді.
Құрылыс басқармасы тарапынан биыл 239,0 мың шаршы метрді құрайтын 2 950 пәтерлі 73 көпқабатты үйдің құрылысын жүргізу жоспарлануда. Жыл соңына дейін Тұран шағынауданында 2 үй, Бозарық елдімекенінде 38 үй, Ақжайық шағынауданында 33 үй салынады.
Тұрандағы үйлер мен Бозарықтағы 2 үйдегі арендалық пәтерлер ретінде, ал Бозарықтағы 36 үй мен Ақжайықтағы 33 үй кредиттік пәтерлер ретінде бірқатар санаттар бойынша кезекте тұрған азаматтарға беріледі.
Биылғы жылы 73 тұрғын үйден 207,6 мың шаршы метрді құрайтын 66 тұрғын үй құрылысы аяқталып, 2 670 пәтер баспанаға мұқтаж тұрғындарға табысталады. Ал, 31,3 мың шаршы метр құрайтын 260 пәтерлі Ақжайық шағынауданындағы 7 тұрғын үйдің құрылысы 2025 жылға өтпелі.
Сонымен қатар жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 1264 пәтер сатып алуға бюджеттен 22,7 млрд. теңге қарастырылған. Оның ішінде жұмыс істейтін жастарға 900 пәтерді және халықтың әлеуметтік осал топтарына 364 пәтерді нарықтан сатып алу жоспарланып отыр.
Жалпы Шымкент қаласында жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарлама аясында жалпы саны 1900 отбасы арендалық пәтермен құрылыс жұмыстарының аяқталуы және пәтерлердің коммуналдық тұрғын үй қорына өткізілуіне қарай қамтылатын болады.
Оның ішінде тұрғын үй кезек реттілігі бойынша 449 пәтер халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына, 351 пәтер көпбалалы отбасыларға, 200 пәтер жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі. Бұдан бөлек 900 пәтерге жұмыс істейтін жастар қоныстанатын болады.
Өткен жылы қалада 1687 арендалық пәтер сатып алу құқығынсыз үлестірілген болатын. Оның ішінде 35 жасқа дейінгі жұмысшы жастар мен түрлі санаттағы кезекте тұрған азаматтар бар.
Қабылдауға келген тұрғындардың барлығына заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп мәселелері оң шешімін тапты.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика