Сонымен қатар балаға деген алимент, біздің заңнама бойынша талапкердің талабы бойынша баланың қай мемлекетте тұрақты тұрады, сол мемлекеттің заңнамасы қолданылуы мүмкін. Бұл норма, яғни баланың басқа мемлекеттің азаматы, бірақ тұрақты тұратын мемлекеттің заңнамасының қолданылуы. Заңнама баланың тұрақты тұратын жердің заңнамасын қолдану туралы сотқа міндет артпайды, сот талапкердің талап етіп отырған заңнамасы егер де баланың мүддесіне қайшы келмейді деп шешетін кезде ғана қолданады. Тұлғаның қай мемлекетке жататыны және қай мемлекеттің заңы қолданылуы мүмкін екенін сот шешім қабылдағанша шешеді. Егер бала бір мемлекеттің азаматы болып, шешім шыққанша басқа мемлекеттің азаматы болып танылса, онда сот соңғы азаматтығына қарайды. Егер ерлі-зайыптылар неке шартын және алимент төлеу туралы келісімшартқа отырмаса, ортақ азаматтығы жоқ немесе бірге тұрмаса, олардың белгіленген құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін белгілі мемлекеттің заңнамасын таңдай алады.
Кәмелетке толған балаларының ата-аналарының пайдасына алименттік міндеттемелері, сондай-ақ басқа да отбасы мүшелерінің алименттік міндеттемелері аумағында олардың бірге тұратын жері бар мемлекеттің заңдарымен белгіленеді. Бірге тұратын жері болмаған жағдайда мұндай міндеттемелер алимент алуға құқығы бар адам азаматы болып табылатын мемлекеттің заңдарымен белгіленеді. Мысалы, егер шет ел мемлекетінің азаматы болып табылатын әйел баласымен басқа елде тұратын болса, қазақстандық азаматынан Астана қаласында тұратын алимент өндіру туралы біздің елдің сотына талап арыз берген болса, сот бұл дауды қарастыру барысында, баланың қай мемлекеттің азаматы болса, сол мемлекеттің заңнамасын қарастыру керек. Ал бала мен ана Қазақстан жерінде тұрып, басқа мемлекеттің азаматына алимент өндіру туралы талап арыз түскен жағдайда, сот егер бала Қазақстан азаматтығында болса, біздің елдің заңнамасын қолданады.
Алимент төлемейтін азаматтармен жақсы күрес жолын тапты, АҚШ-та жаңа өзгерістер енгізілді, мысалы, 1998 жылы жаздан бастап, шет елге шығатын азаматтарға паспортын уақытылы ала алмайды, мемлекеттік департамент егер алимент уақытылы және қасақана төлемейтін және алимент мөлшері $2500 асатын жағдайда берілмейді. Азамат алиментті толық жапқан соң, паспортын алу үшін ресми сұрау жасайды, ал төленген ақшалары штат әкімшілігі қазынасына әріқарай баланың асыраушысына жіберіледі екен.
Шет елінен алимент өндіру бойынша құқықтық көмек және азаматтардың бірқатар құқықтарының жүзеге асырылуы мақсатында құқықтық реттелетін нормалардың бірі ҚР Минск Конвенциясына қосылғанын айта аламыз. 1993 жылы қаңтар айында Минскте ТМД 10 мемлекеттерінің басшылары арасында (Армения, Беларусь, ҚР, Қырғызстан, Молдова, РФ, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Украина) азаматтық, отбасылық, қылмыстық істер бойынша құқықтық өзара көмек беру туралы Минск конвенциясына қол қойылды. Бұл келісімшарт азаматтық, отбасылық, қылмыстық істер бойынша соттардың және құқық қорғау органдарының арасында және қай жерде тұратынына қарамастан, азаматтардың тең құқықтарын қамтамасыз ету мақсатындағы механизмі және күш көрсететін тұтқасын шығарды десек те болады.
R-ақпарат