• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Шымкентте полицейлер жасөспірімдермен профилактикалық кездесу өткізді

Автор:admin

Май 11, 2024
Spread the love

Тәртіп сақшылары Еңбекші ауданындағы жалпы орта білім беретін №68 мектеп оқушыларымен кездесті.
Жиынға 100-ден астам шәкірт пен ұстаздар қатысты.
Шара барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар және оларға қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу мәселелері талқыланды.
Айта кететін, қазіргі таңда қоғамның алдында тұрған басты мәселелердің бірі – кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, оның алдын алу болып табылады.
Статистикаға жүгінсек қоғамдық тәртіпті бұзатын, құқық бұзушылықты, қылмысты жасайтын, сондай-ақ ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған жасөспірім балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыққанын көрсетеді. Алайда, кейбір ата-аналардың өз балаларының тағдырына алаңдаушылық танытпай, олардың үйден және мектептен тыс бос уақыттарында немен айналысып, шұғылданып жүргендерін бақыламауларынан, қадағаламауынан орын алатын жағдайлар да кездеседі. Яғни, ата-аналар мен оқу орындары тарапынан тиісті бақылаудың болмауы да құқық бұзушылыққа, қылмысқа итермелейтін фактор болып табылады.
Әсіресе, жасөспірім құқық бұзушылық пен қылмысты ішімдік және есiрткi, психотроптық заттардың әсерінен жасайтындар көптеп кездесетіні де құпия емес. Мәселен, түнгі ойын-сауық орындарында жасөспірімдер алкогольдік ішімдіктің түрлісін ішіп, есiрткi, психотроптық заттарды қолдану әсерінен әр-түрлі құқық бұзушылыққа, қылмысқа баратын жағдайлар жиі кездеседі, өйткені ішімдік пен есірткі, өз кезегінде, оларды қылмыс жасауға итермелейді, ықпал етеді.
Сонымен қатар, заң бұзушылықтар үшін қарастырылған жауапкершілітер туралы түсіндірілді.
Өз кезегінде мектеп ұжымы полиция қызметкерлеріне құқықтық ақпараттандыру үшін алғысын білдірді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика