«102» арнасына 5 жасар баланың жоғалғаны туралы хабар түсті. Жергілікті тұрғын ұлының аулада ойнап жүріп, жоғалып кеткенін жеткізді.
Өз бетінше жүргізген іздеу жұмыстары нәтижесіз болған соң, азаматша полицияға көмек сұрап жүгінген.
Жоғалған баланы іздестіруге Қаратау ауданы полиция басқармасының ювеналды полиция инспекторлары жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы аумақты түгелдей шолып , жергілікті тұрғындардан сұрастырды.
Нәтижесінде бала көрші аулалардың бірінен табылып, аман-есен отбасына қайтарылды. Өз кезегінде әбден аландаған ата-ана құқық қорғаушыларға жедел жұмысы үшін шынайы алғысын білдірді.
Полицейлер балалардың қатысуымен қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін азаматтарды перзенттеріне мұқият болуға, оларды қараусыз қалдырмауға шақырады.
Айта кететін, жыл сайын Қазақстанда 1 000-1 500 адам жоғалады. Оның 20 пайызын –балалар. Абырой болғанда, жоғалғандардың көпшілігі алғашқы бір айдың ішінде табылып жатады.
Жоғалу дегеннен шығады, жоғарыда айтылған әр цифрдың артында адам тағдыры тұр. Сол сияқты, хабарсыз кету жағдайларының да өзінше бір оқиғалары бар.
арапшылар жоғалған әрбір екінші кісінің еңбекке қабілетті ер адам, әр төртінші адамның жасөспірім, әр бесіншінің зейнет жасындағылар екенін айтады. Біз жоғарыда бірнеше оқиғаны ғана мысалға келтірдік. Ал адам жоғалуына байланысты кей оқиғалардың артында қылмыс әлемінің тұруы да ғажап емес.
Сарапшылардың айтуынша, көп жағдайда «қара тізімге» жұмысшылар, бизнесмендер, зейнеткерлер мен үй-күйсіз қаңғып жүргендер ілігеді екен. Полиция өкілдері «кәсіпкерлерді көбінесе ақша бопсалау мақсатында немесе сол адамға борышты болып қалғандар ұрлайды» деп отыр.
Адам жоғалып кеткен жағдайда, «102» нөміріне қоңырау шалып, полицияға немесе жақын жердегі бөлімшеге хабарлауыңыз қажет.
Полицияға қажет маңызды құжаттар:
— жоғалған адамның жеке деректері: аты, тегі, әкесінің аты, жасы, шашының түсі, меңі, тыртығы, дене әшекейі сияқты ерекше белгілері;
— адам жоғалған кездегі қандай жағдай болғаны туралы мәліметтер.
Егер бала жоғалса, онда полицияға мүмкіндігінше тезірек хабарласу керек. Полиция адамның қашан және қайда жоғалғанына қарамастан, өтінішті дереу қабылдауға және тіркеуге міндетті. Балаларынызға САҚ БОЛУЛАРЫҢЫЗДЫ сұраймыз!