Шымкент қаласы білім басқармасының интернет-ресурсына (сайтына) 5 мектепке: «А.Аскаров атындағы №77 мектеп-лицейі», «Е.Юсупов атындағы №104 жалпы орта білім беретін мектебі», «Ю.Сареми атындағы №107 мектеп-лицейі», «№118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектебі», «Жалпы білім беретін №3 кешкі орта мектебі», 4 балабақшаға: «№15 «Жадыра» бөбекжай – бақшасы», «№19 «Қызғалдақ» бөбекжай-балабақшасы», «№51 «Әлихан» бөбекжай-балабақшасы», «№54 «Асыл-Арман» бөбекжай-балабақшасы», 2 арнайы мекемеге: «№3 Психологиялық-медициналық-педагогикалық кабинеті», «№4 Педагогикалық-педагогикалық түзету кабинеті», 4 қосымша білім беру ұйымдарына: «Балалар өнер мектебі», «Қаратау дәстүрлі өнер мектебі», «Ж.Омарова атындағы №1 балалар саз мектебі», «№4 Сайрам балалар саз мектебі» мекемелерінің директорларының басшыларының бос орын лауазымдарына конкурс жарияланды.
Осы аталған жоғарыдағы мекемелерге жалпы саны 39 үміткер құжаттарын тапсырды. Үміткерлердің құжаттары жан-жақты қаралып, конкурстың тиісті кезеңдерінен өтіп, 2024 жылдың 10 мамыр күні ашық түрде өткен комиссия отырысына 8 мекемеге 17 үміткер әңгімелесу кезеңінен өтті.
Әңгімелесу кезеңінің нәтижесі бойынша мына мекемелерге үміткерлер анықталды. Атап айтқанда:
«А.Аскаров» атындағы №77 мектеп-лицейінің директорының бос лауазымына үміткер Уалиханова Кульзина Ерсеитовна анықталды.
«Е.Юсупов» атындағы №104 жалпы орта білім беретін мектебінің директорының бос лауазымына үміткер Рауаилов Бауыржан Мусаевич анықталды.
№118 жалпы орта білім беретін мектебінің директорының бос лауазымына үміткер Тугелов Адил Турдыбаевич анықталды.
№15 «Жадыра» бөбекжай-бақшасының меңгерушісінің бос лауазымына үміткер Кожахметова Ақбөпе Ауесхановна анықталды.
№19 «Қызғалдақ» бөбекжай-бақшасының меңгерушісінің бос лауазымына үміткер бос лауазымына үміткер Абдуллаева Венера Сейдуллаевна анықталды.
«№4 Сайрам балалар саз» мектебінің директорының бос лауазымына үміткер Умаров Шокирбек Давранбекович анықталды.
Сонымен қатар, үміткерлер анықталмаған мекемелерге қайтадан конкурс жариялау туралы комиссия шешім шығарды.