• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТІК МҰҒАЛІМ ДЖИУ-ДЖИТСУДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Автор:admin

Май 6, 2024
Spread the love

Қазір Абу-Даби қаласында Джиу-Джитсудан Азия Чемпионаты өтіп жатыр. 1-8 мамыр аралығына жоспарланған аламан жарыста қаламыздағы А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жұлдызай Ибраева өнер көрсетіп, алтын алқа иеленді. Алғашқы белдесуде Вьетнам спортшысымен кездесіп, жартылай ширек финалда үндістандықты ойсырата жеңген шымкенттік мұғалім финалдық кездесуде Маңғолия спортшысын ұтып, жеңіске жетті.
Таеквондодан ҚР бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық жарыстардың күміс жүлдегері Жұлдызай Махмуджанқызы қаламыздың намысын талай додада абыроймен қорғап жүр.
Ересектер мен жастар арасындағы сайысқа Қазақстан Ұлттық құрамасынан 300, оның ішінде қаламыздан 10 спортшы қатысуда. Жеңімпаз Греция астанасы Афинада өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды. Сондай-ақ Азия Чемпионатында алтын алған спортшылар жыл соңына жоспарланған Анталия қаласындағы Панкратион спортынан Әлем Чемпионатында да өнер көресететін болады.
Айта кететін, мұғалім — елдің болашағын көркейтіп, рухын биікке көтеретін, жас ұрпақты тәрбиелейтін жауапкершілігі мол киелі мамандық. Ондай мамандық иесі әрқашан да өресі биік болып, сөйлеген сөзінен, ойлар ойынан маржандай тізілген ілтипат пен парасаттың өрнектері, әсемдік әлемі көрінетін, көкірегі жақсылыққа тола, мейірімді, білімі біліктілікке ұласқан ізденімпаз, елжанды, адамгершілігі жоғары адам болу керек. Мұғалім қызметінің ерекшелігі сол, көптеген мамандықтар секілді педагогтың қолында өлшеуіш немесе басқаша айтқанда приборлар жоқ. Оның ең басты жұмысы — оқыту мен тәрбиелеу барысында пайда болған қарым-қатынасты басқару. Мұғалім көптеген нақты жағдайда қысқа уақыттың ішінде ең дұрыс педагогикалық шешімді таба білуі тиіс, ал мұның өзі әрқашан күрделі. Түптеп келгенде, қоғам мұғалімге ерекше жауапкершілік жүктейді. Мұғалімге үйретуге ең көнгіш кезіндегі адам сеніп тапсырылады. Мұғалім баланың білімін, икемділігін, әдетін, мұратын және өмірлік мақсатын қалыптастырады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика