“Қорғау” бағдарламасы арқылы қалалық ПД жедел басқару орталығының қызметкерлері төленбеген қарыздары бар көлік жүргізушісі туралы сигнал алды.
“Hyundai” маркалы көлік иесінің атқарушылық іс жүргізу бойынша 77 миллион теңге берешегі бар екені анықталды.
Түркістан көшесіндегі көлікті ұстау үшін патрульдік полиция қызметкерлері бағытталды.
Төлеуден жалтарған азаматқа борыштарын өтеу туралы ескертілді.
Ал, темір тұлпар айыптұраққа қамалды. Азамат оны қарыздарын төлеген соң қайтара алады.
Айта кетейік, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында «Қорғау» қосымшасы жалған нөмірлер, өтелмеген қарызы бар азаматтар мен басқа да заң бұзушылықтарға жиі жол беретін қауіпті жүргізушілерді анықтайды.
Сонымен қатар, балалардың жол-көлік оқиғаларынан жарақаттануы, көбінесе, олардың психофизиологиялық дамуының жетілмегендігі сияқты ерекшеліктеріне, жағдайды дұрыс бағалай алмауына, шартты рефлекстердің тез қалыптасуы және олардың тез жойылуы, сақтықтан басым болатын қозғалыс қажеттілігі, ересектерге еліктеуге ұмтылу сияқты себептерге және жақындап келе жатқан көлікке реакцияның ерекшелігі және басқа да аспектілерге байланысты болып келеді.
Балалардың жол қозғалысы ережесін бұзған әрбір оқиғасы жалпы мектепішілік жиналыстар мен сынып сағаттарында талқыланады. Сондай-ақ педагогикалық кеңестерде, директормен және ӘБ жиналыстарында балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша жүргізілетін мектептен тыс жұмыстар бойынша мектеп инспекторы мен сынып жетекшілерінің жұмысы тыңдалады. Жыл сайын (әр оқу жылына екі рет) ата-аналар жиналысында балалардың жол-көлік оқиғалары салдарынан жарақаттануының жай-күйі, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігі және отбасының балалардың бойында көшелер мен жолдардағы қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын тәрбиелеудің маңызы мен рөлі туралы сұрақтар талқыланады.