«Қауіп-қатерді байыпты қабылдамадым, бірақ өз өмірім үшін қатты қорықтым»: Шымкентте учаскелік инспектор өзіне бекітілген аумақтағы азаматтармен профилактикалық жұмыстарын жүргізу барысында, азаматшаның уайымын босқа қалдырған жоқ.
Шымкент қаласының азаматшасы қол қөтеріп, балағат сөздер айтып, қауіп төндіріп жүрген өзінің азаматтық некеде тұрып жатқан жұбайы туралы Әл-Фараби ауданының учаскелік инспекторымен бөліскен.
«Учаскелік инспектордың жедел және үйлесімді жұмысының арқасында мен сау және тірі қалдым. Дәл осындай жұмыс нәтижелерінен кейін, өзінің қызметтік міндеттерін үлгілі орындап, антқа адал және біздің Отанымыз, азаматтарға қиын жағдайда көмекке келетін полиция қызметкерлерінің арқасында Қазақстан полициясының оң имиджі қалыптасады», — дейді азаматша.
Азаматшаның өтініші бойынша полиция департаментінің бастығы Думан Таев жергілікті тұрғынды қатыгез жұбайынан құтқарып қалған Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының полиция капитаны Ауелов Марлен Турганбековичті алғыс хатпен марапаттады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық тұйық шеңбердің ішінде болады. Обыр ауруы сияқты сатысы бар. Бірінші сатыда ер адам шиеленіс туғызады. Қызғаншақ мінез көрсетеді. Елеусіз нәрселерден ұрыс шығарады. Әйелдің өмірін бақылауда ұстауға тырысады. Психологиядық зорлық жасайды. Ақша жағынан қысым көрсетуі мүмкін. Екінші сатыда еркек ашуланшақ мінезін басқармайды. Соның салдарынан әйелді ұрады және бұл ісін ақтап алатын себептерді айтады. Үшінші сатыда өкініш білдіріп, кешірім сұрайды, өзгерем деп сөз береді. Сыйлықтар алады. Жағдай қалыпқа келуі үшін сезімге, махаббатқа толы, ашық мінез көрсетеді. Бұлардың бәрін қайтадан шиеленіс туғанға дейін көрсетеді. Бұл тұйық шеңберді отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминализациялау арқылы бұзуға болады. Сондай-ақ, қоғам норма деп санайтын мәдениетті өзгерту керек. Дұрыс емес екенін адамға көрсетіп, сауатын ашу қажет.