• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ: ҚАЛАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Май 4, 2024
Spread the love

Бүгін әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы өтті. «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеевтің төрағалығымен комиссияның бүгінгі отырысы «Еңбек күні» мерекесінің қарсаңында ұйымдастырылды.
Комиссия отырысына арнайы Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбековтің тапсырмасына сәйкес қала әкімінің кеңесшісі М.Маханбетов қатысты.
Әлеуметтік әріптестік шеңберінде еңбек қатынастарын, оның ішінде кәсіподақ қызметін реттеудің бірқатар маңызды мәселелерін қамтыды.
Кәсіподақ бірлестіктері мен кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестігі арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған өңірлік келісімді бекіту, Шымкент қаласының аумағында еңбек қатынастары саласының және қауіпсіздігінің жағдайы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудағы озық тәжірибелермен таныстыру болды. Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б.Қалжанов қаладағы жағдайды баяндап, Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасындағы еңбекті қорғаудың жаңа идеологиясы: кәсіптік тәуекел дәрежесі бойынша жеке қорғаныс құралдарын таңдау, сақтандыру тарифтері, әлеуметтік кепілдіктер, еңбекті қорғау саласындағы кәсіптік құзыреттерді дамыту, мемлекеттік бақылау-кәсіптік тәукелдерді басқару туралы түсіндіріп өтті.
Сондай-ақ, қаладағы бірнеше компания өкілдері “Қауіпсіз еңбек жылы” аясында, тұжырымдама бойынша атқарылатын жұмыс жоспарлары мен тәжірибелерімен бөлісті.
Еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процесінде жұмыскерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, жұмыскерлердің қорғалуының жай-күйі. Кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау (бұдан әрі – ЕҚжЕҚ) жағдайлары ҚР Еңбек Кодексімен реттеледі.
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі принциптері:
— қауіп көздерін жою немесе шектеу, жабдықты жаңарту;
— технологиялық процестерді, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын жетілдіру.
Еңбекті қорғау – құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактикалық, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызметі процесінде жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика